«Алатау» ИТП АЭА-на 400 миллиард теңгеден астам инвестиция қосымша тартылатын болады - Центр предпринимательства
Соңғы

«Алатау» ИТП АЭА-на 400 миллиард теңгеден астам инвестиция қосымша тартылатын болады

Сондай-ақ, инновациялық технологиялар паркінде 6000-ға жуық жаңа жұмыс орындарын құру жоспарлануда.

Мұның барлығы “Алатау” АТП АЭА-да жоспарланған барлық жобаларды іске асыру кезінде мүмкін болады. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин мәлімдеді.

Оның айтуынша, “Алатау” АТП АЭА дамыту стратегиясына сәйкес, мұнда медицина және фармацевтика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен білім беру, сондай-ақ аспап жасау сияқты салаларды қалыптастыру міндеті қойылған.

Паркте фармацевтикалық өндіріс пен медициналық индустрия саласында алғашқы инвесторлар медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің құрамына кіретін дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен бірінші кезекте қажетті техниканы өндіретін зауыттар салу жобаларын іске асыруға кірісті. Сондай-ақ, мұнда біріккен университет ауруханасы салынады.

Бүгінгі таңда “Алатау” АТП АЭА-да өз зауыттарын салуға кірісетін “Viva Pharm” ЖШС мен “Dolce Pharm” ЖШС-нен басқа, тағы 3 инвестор өз жобаларын іске қосу үшін құжаттар жинауда.

“Қалыптастырылатын кластер шеңберінде ұсынылатын салықтық жеңілдіктер, кедендік преференциялар, дайын инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымы бар жер учаскелері және “Алатау” АЭА-ның тиімді географиялық орналасуын нарықтың басқа ойыншылары байқай алмады”, – деп атап өтті Еркебұлан Оразалин.

Осылайша, “Альфа Мет” 2022 жылдың соңына дейін фармацевтикалық өнім шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Таяудағы екі жыл ішінде мұнда “Био Евразия” ЖШС компаниясымен заманауи дәрілік препараттарды әзірлеу және шығару жөніндегі биофармацевтикалық кешеннің құрылысы да күтілуде. Сондай-ақ, “ADS Industries” ЖШС микро-шағын бизнес субъектілері үшін фарминдустрия өнеркәсіптік паркін салуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, «ИТП» АЭА аумағында таяу жылдары Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде 1400 төсек-орынға арналған «Біріккен университет ауруханасы» салынады.

Айта кету керек, «Almaty Business-2025» өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы былтыр оңтүстік астанада басталған болатын. ШОБ-ты ынталандыру үшін Almaty Finance және «Алматы» МҚҰ ұйымдары, сондай-ақ «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығы құрылды, олар бизнеске толық консультациялық қолдау көрсетеді.

Серіктестік материал: zakon.kz