Емдеудің инновациялық әдісін мемлекеттік қолдау аясында еңгізу - Центр предпринимательства
Соңғы

Емдеудің инновациялық әдісін мемлекеттік қолдау аясында еңгізу

Проктолог-дәрігер Даулетхан Момбеков өтеусіз грантқа ие болып,проктологиялық ауруларды емдеудің инновациялық, әдісін енгізді.

Нағыз медицина қызметкерлерінің борышы,міндеті – адамдарға денсаулық сыйлау. Доктор Даулетхан Ертемірұлы емдеудің әртүрлі әдістерін қарастырып, олардың қайсысы жақсы екенін таңдап, лазерді қолдану әдістемесін қолданатын ресейлік әріптестерінің тәжірибесі туралы кездейсоқ, білді.

“Qolday” кәсіпкерлік орталығы туралы мен Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасы арқылы білдім, онда олар бизнес идеяларды қолдайтынын айтты.

Әрі қарай “Qolday”  кәсіпкерлік орталығына жүгініп консультация алдым. Маған бизнес жоспар құруға көмектесті, барлық қажетті құжаттарды жинап, өтінімді комиссияның қарауына жібердім.

Жоба мақұлдаған соң, маған 3 млн тенге бөлінді. Алынған қаражатқа Беларусь елінің Минск қаласында Mediola Compact  медициналық аппаратын сатып алдық.” -дейді Даулетхан Ертемірұлы.

Қазір Даулетхан Ертемірұлы емдеумен жаңа технологияларды қолдана отырып айналысады.