Көпбалалы ана Гүлбану Дәуренбекқызы Сатқұлова мемлекеттен 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алды. - Центр предпринимательства
Соңғы

Көпбалалы ана Гүлбану Дәуренбекқызы Сатқұлова мемлекеттен 3 млн теңге көлемінде грант ұтып алды.

“Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасы бойынша мемлекеттік грант туралы Гүлбану өткен жылы Түрксіб ауданының “Бақытты отбасы” орталығында білген. Сол жылы ол “Qoldaý” кәсіпкерлік орталығында бірнеше оқу курсынан өтті, онда оған 2-ден 5 млн теңгеге дейін өтеусіз гранттар алу шарттары бойынша кеңес берілді. “Qoldaý” – да мен көптеген пайдалы ақпаратты білдім. Орталық қызметкерлері бизнес-жоспарды тегін жасауға көмектесті. Мұндай қолдау қызметтері мен сияқты көпбалалы аналар үшін бизнесте үлкен мүмкіндіктер ашады”, – дейді Гүлбану Дәуренбекқызы.

Көпбалалы ана глютенсіз нан өнімдерін шығарады. “Қазіргі экологиялық жағдайды ескере отырып, елімізде аллергиямен ауыратындар саны артып келеді. Сонымен қатар, қант диабеті, аутоиммундық аурулары бар адамдарға глютенсіз диета ұсынылады. Глютенсіз өнімдердің басым бөлігі біздің елге Италия мен Ресейден әкелінеді. Сондықтан мен глютенсіз өндіріс саласында өз бизнесімді ашуды ұйғардым.”- дейді Гүлбану.

Төрт баланың анасы 2020 жылдың наурыз айында «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнында оқыды және бизнес мектебінің сертификатын алды, бұл сертификат грант ұтыс ойынына қатысу шарттарының бірі болып табылады.

Көпбалалы ана алған қаражатына қажетті өнімді шығаруға арналған құрал-жабдықтар сатып алуды жоспарлап отыр.