Мамытов Серік Үсенұлы - Центр предпринимательства

Лимкоквинг (Куала-Лумпур, Малайзия) шығармашылық технологиялар университетінің  әлемдік экономика мамандығын  бітірген. 

Студент кезінде  «Bolashak Study» халықаралық білім орталығын құрды, Малайзия мен Сингапурдағы 8 халықаралық университеттің Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі болды.   

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне бағынысты ұлттық компанияларда және басқа ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК»АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ. 

«Kazakh Invest» ұлттық компаниясы» АҚ-да жоба жетекшісі болды, келесі салалардағы инвестициялық жобаларды қолдау мәселелерін қадағалады: көлік, логистика, инфрақұрылым, білім беру, фармацевтика және мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (МЖС) тетігі шеңберіндегі жобалар. 

2019 жылғы шілде айынан 2020 жылғы қаңтар айына дейін ол «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-да басқарушы директор болды, онда өнеркәсіп жобалары департаментінің жұмысын, атап айтқанда, өнеркәсіптік салаға стратегиялық инвесторларды тарту жұмысын үйлестірді. 

2020 жылғы қаңтардан сәуірге дейін «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығы бас директорының орынбасары болды. 

2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін «Qoldaý» Кәсіпкерлік орталығы Бас директорының бірінші орынбасары. Жобаларды қолдау, талдау және дамыту, коммуникация, оқыту және цифрландыру департаментінің жұмысын үйлестіреді.