- Центр предпринимательства

Мемлекеттің қолдауымен инклюзивті би мектебінің ашылуы.

Багина Каменова би мектебін ашуды көптен бері ойлап жүрді.

Алғашында шағын жеке топта 5 адамнан жиналып би сабағы ұйымдастырылды, ол үшін залды 1-2 сағатқа жалға алуға тура келді.

Багина өзінің алғашқы грантын 2019 жылдың соңында «Бизнес Бастау» бағдарламасы аясында алды, бұл мектептің ашылуына жақсы серпін болды.  Алынған 505 мың теңгеге  хореографиялық станоктар, айналар, кариматтар, фитболлар, эспандерлер сатып алуға және косметикалық жөндеуге қолданылды.

Бұдан әрі Багинаның тағы бір зал ашу ойы пайда болды, ол Бизнестің жол картасы 2025 бағдарламасы шеңберінде 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі өтеусіз гранттар туралы білді. Кәсіпкер «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығына жүгінді, онда оған бизнес-жоспарды әзірлеуге және өтініш беру үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесті.

«Менде ерекше балаларға арналған топтар құру ой пайда болды. Қорғау кезінде менің жобам іріктеуден өтіп, мен 2 млн теңге алдым. Бөлінген қаражатқа жаңа залға арналған жабдықтар сатып алынды, ақшаның бір бөлігі жөндеуге бағытталды», – дейді Багина.

Қазіргі уақытта шамамен 12 топ ұйымдастырылған, олардың ішінен екеуі ерекше балаларға арналған. Сабақтар ыңғайлы уақытта өтеді, ата-аналардың балаларымен бірге оқуға мүмкіндігі бар.

Багина Географияны кеңейтіп, қосымша зал ашуды жоспарлап отыр.