- Центр предпринимательства

Көше аяқ киімін өндіруге арналған жабдықты сатып алуға Алматы ШОБ мемлекеттік қолдау аясында  KIIZO @kiizo.kz тауар белгісімен “Qaz Artis Centrum” ЖШС 2 млн теңгені алды.

Мемлекеттен грант алудан бұрын компания директоры Тоғжан Құттұғаева бірден бизнесті қолдау бойынша бірнеше институтта оқыды: Damu, Атамекен ҰКП (Бизнес Бастау, Бизнес-кеңесші), сондай-ақ өтеусіз грант алу конкурсына қатысу үшін “Qoldaý” кәсіпкерлік орталығында бизнес-жоспар әзірлеуге көмек алды.

“2020 жыл ішінде мен білімімді жетілдірдім, бизнесім өсті, Мен үнемі даму үшін жаңа ақпаратты іздедім, ал бұл үлкен жұмыс. Үшінші талпыныстан бастап өтеусіз гранттар конкурсына мен жабдықтар сатып алуға 2 млн теңге алдым, – дейді Тоғжан. – Бізді Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімдігі де қолдады, маған әлеуметтік жобам үшін жеңілдік шарттарымен үй-жай берілді. Біз халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыруға мүдделіміз, бұл әсіресе пандемия кезеңінде маңызды, өйткені біздің құтқарылуымыз – біздің қолымызда. Бастапқыда 10 жаңа жұмыс орнын құруды жоспарлап отырмын, оның ішінде көп балалы аналарды, аз қамтылған отбасыларды, мүгедек адамдарды шақырамыз”.

Көше аяқ киімін шығару жобасын жақын арада іске қосуды жоспарлап отырмыз. Компанияның тауарлар желісінде 2019 жылдың жазынан бастап үй аяқ киімі, киім, бас киімдер, аксессуарлар, сувенирлер, палантиндер, шарфтар, әшекейлер, брошьтар шығарылады.

Көше аяқ киімдерінің ішінде кроссовкалар, мокасиндер, балет, бәтеңке және басқа да түрлерін шығару жоспарлануда. Материал-киіз, өсімдік материалдары, шынайы былғары, жасанды, резеңке. “Біз Оңтүстік өңіріміздегі ауа райы жағдайына байланысты киізден жасалған аяқ киім де өзекті болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз, – дейді кәсіпкер. – Пандемия біздің бизнес үшін үлкен рөл атқарды, өйткені шекара жабылғаннан кейін импортталған тауарлар кідіріңкілеп қалды, және біздің тұтынушылар отандық өндірушілерге назар аударды. Мемлекетімізге, сондай-ақ біздің достарымызға, жақындарымызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз! Қазір нарықта бедел табу, бізде сапалы тауар бар екенін дәлелдеу маңызды”.

Компанияның өнімдері және илеу қолмен жасалады, жабдық өндіріс процесін тездетуге көмектеседі.