Алматыдағы ірі сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі – Aport Mall-да Kinoplexx желісінің жетінші кинотеатры – Kinoplexx 7 Aport ашылады. Бұл нысан Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының сапа стандарттарына сай толықтай қайта жабдықталуда.
Жаңа мультиплекс 7 залды және 1241 көрермен орнын қамтиды. Ол бұрын Star Cinema операторы орналасқан алаңда орналасқан. Реконструкция барысында кинотеатрға испандық Euro Seating маркалы былғары креслолар, соның ішінде VIP-қатарлар мен Love Seats орындары орнатылып, техникалық жабдықтар жаңартылып, интерьері толығымен өзгертіледі.
Кинотеатрдың жұмысын тоқтатпай жүргізіліп жатқан қайта құру және ребрендинг жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін толық аяқталады. Жақын арада кинотеатр www.kinoplexx.kz сайты арқылы онлайн билет сату жүйесіне қосылады.
Kinoplexx желісіндегі барлық кинотеатрлар сияқты, Kinoplexx 7 Aport-та да арнайы ұсыныстар қолданылады, олар аптаның кез келген күндері дерлік қолжетімді. Олардың қатарында «Шексіз дүйсенбі», «Super Сейсенбі», «Fun Сәрсенбі», «Hot Price» және «Кино Аңшылық» акциялары бар.
«Біз Aport Mall-дағы кинотеатрдың Kinoplexx компаниясының басқаруына өтуін қуанышпен хабарлаймыз. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін Kinoplexx 7 Aport көрермендерді өзінің заманауи дизайнымен, жоғары сурет және дыбыс сапасымен, ыңғайлылығымен және адалдық бағдарламасымен таң қалдырады», – деп атап өтті Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының операциялық директоры Рахметов Абдрашид.
Kinoplexx Theatres компаниясы 2008 жылы құрылған. Қазіргі таңда ол Қазақстанның алты қаласында – Алматы, Қарағанды, Ақтау, Атырау, Орал, Қызылорда – жалпы сыйымдылығы 4757 орындық 7 кинотеатрды (оның бірі толығымен лазерлік) басқарады.

