АЛМАТЫ. 27 қазан. Allbiz халықаралық интернет-сауда орталығының зерттеуіне сәйкес, Қазақстанның онлайн-экспортында ең сұранысқа ие позициялар азық-түлік, сусындар және ауыл шаруашылығы өнімдері болып қала береді. Бұл туралы халықаралық интернет-сауда орталығы Allbiz зерттеуінің деректерінде айтылған.
Азық-түлік пен сусындар көш бастап тұр.
Онлайн-ортада ең белсенді сатылатын тауарлар – азық-түлік пен сусындар. Ағымдағы жылдың тоғыз айындағы интернет-өтінімдердің жалпы санының 12%-ға жуығы осы санатқа тиесілі. Энергетика саласында жұмыс істейтін компаниялар онлайн-тапсырыстардың 5%-дан астамын алады. Ауыл шаруашылығының үлесіне де қазақстандық компаниялар алатын барлық интернет-тапсырыстардың 5%-дан астамы келеді. Құрылыс материалдары нарығының үлесі 2,6%-ды құрайды.
Отандық онлайн-кәсіпкерлер сататын басқа да маңызды тауар санаттарына өнеркәсіптік химия, денсаулық және сұлулық өнімдері, өнеркәсіптік тауарлар, авто-, мото-, велотехника, металдар және прокат, медициналық техника жатады.
Сонымен қатар, жыл басымен салыстырғанда онлайн-экспорт көлемі айтарлықтай қысқарған. Мысалы, қыркүйек айының қорытындысы бойынша негізгі экспорттық нарықтағы – азық-түлік пен сусындарға арналған тапсырыстар саны қаңтар айымен салыстырғанда екі есе аз болған. Өнімдерін шетелге жеткізетін компаниялардың он жетекші нарығындағы өтінімдердің жалпы саны 30%-ға төмендеді. Жекелеген нарықтардың позициялары да өзгерді. Егер жыл басында құрылыс материалдары танымалдығы бойынша үшінші нарық болса, қыркүйекте бұл орынға энергетика және өндіру нарығы көтерілді, ол қаңтар айының қорытындысы бойынша тек оныншы орында болған еді. Жалпы алғанда, жыл бойы жетекші он экспорттық саланың құрамы тұрақты. Азық-түлік, сусындар және ауыл шаруашылығы – екі жетекші нарық ретінде өзгеріссіз қалды.
Ресей – бәсекелестерден озып тұр.
Ресейлік компаниялар отандық өнімдерге барлық интернет-тапсырыстардың 47%-ға жуығын жіберген. Украиналық кәсіпорындарға тапсырыстардың жалпы санының 10%-ға жуығы тиесілі. Қазақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін басқа елдерге сату үшін интернетті белсенді пайдаланады. Мысалы, олар өз тауарларын Өзбекстандағы әріптестеріне жеткізеді – олар Allbiz-ге барлық интернет-тапсырыстардың 4,5%-ын жіберген. Сондай-ақ, біздің кәсіпкерлер Қырғызстаннан, Түркиядан, Қытайдан, Беларусьтен және Польшадан айтарлықтай мөлшерде интернет-тапсырыстар алды. Ал өнімдеріміздің ең белсенді он сатып алушысының қатарын Грекия мен АҚШ аяқтайды. Жалпы, Қазақстан интернет арқылы өнімдерін сататын он жетекші елдің үлесі шетелге сатылған барлық тауарлардың 78%-ын құрайды.
Қазақстан компанияларына келетін өтінімдердің ең көп саны келетін елдердің алғашқы үштігінің құрамы жыл бойы тұрақты болды. Алайда, жыл басымен салыстырғанда тапсырыстар саны айтарлықтай қысқарды. Мәселен, Ресей мен Украинадан келетін өтінімдер саны қыркүйекте қаңтармен салыстырғанда екі есеге жуық төмендеді. Өзбекстаннан жеткізілімдер одан да айтарлықтай – шамамен 3,5 есеге қысқарды. Бұл жағдай ТМД елдерінің – ең алдымен Ресей мен Украинаның экономикаларындағы дағдарыстық құбылыстармен түсіндіріледі. Қыркүйекте Қытай мен Молдова қазақстандық өнімдердің негізгі он сатып алушысы қатарынан шығып қалды – олардың орындарын Швеция мен Иран басты. Бірақ, алғашқы екі елдің тұрақты позицияларын ескере отырып, жыл қорытындысы бойынша олар ондық ішіндегі орындарын сақтайды деп болжауға болады.
Ең көп сұраныс – ет пен астыққа.
Қазақстандық өнімдерді онлайн режимде сатып алатын үш жетекші елдің барлығы бірдей тауар топтарын – темекі өнімдерін, алкогольді, ет пен астықты сатып алады. Атап айтқанда, Ресей биыл бренди мен арақ, жұмыртқа, тауық еті мен ауыл шаруашылығы жануарларын, рапс, бидай және дәнді дақылдарды белсенді түрде сатып алды. Ресейлік компаниялар есіктерге, жел энергетикалық қондырғыларына, автомобиль қосалқы бөлшектеріне және биологиялық белсенді қоспаларға қызығушылық танытты. Украина темекі өнімдерін және алкогольді, күнбағыс майын және сиыр етін сатып алды. Украиналық компаниялар теміржол көлігіне арналған бөлшектер мен қосалқы бөлшектерге, сондай-ақ ұялы телефондар мен керек-жарақтарға өтінімдер жіберді. Үшінші жетекші сатып алушы Өзбекстан – ел компаниялары ең көп сұранысты күнбағыс майына жіберді. Одан басқа, дәнді дақылдар, жармалар, ұн, бидай, құрғақ құрылыс қоспалары және жануарларға арналған құрама жем сұранысқа ие болды.
Ресей мен Украинадағы дағдарыс қазақстандық компаниялар осы елдерден алатын онлайн-тапсырыстардың көлемін шамамен екі есеге қысқартты. Дегенмен, онлайн-сауда дамып келеді және осы елдер мен Өзбекстанның үлесі Қазақстанның барлық интернет-экспортының 60%-ға жуығын құрайды.
Allbiz (www.all.biz) – миллиондаған тапсырыс берушілер мен сатушылар қандай тілде сөйлегеніне және қай елде орналасқанына қарамастан ең тиімді мәмілелер жасайтын халықаралық интернет-сауда орталығы. Allbiz-де 90 елдің 1,4 млн компаниясынан 22 млн тауар мен қызмет туралы ақпарат ұсынылған. Ресурс 26 тілде қолжетімді, тапсырыстар саны күніне 15 мыңнан асады. Компанияның кеңселері 19 елде орналасқан.

